Теннис
30 қыркүйек 18:05

Путинцева Қытайдағы турнирді сәтті бастады

©ktf.kz

Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан ірі турнирді жеңіспен бастады.

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда франциялық Диан Парримен кездесті. Нәтижесінде Путинцева 6:1, 6:7, 6:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Келесі айналымда ол украиналық Юлия Стародубцева мен венгриялық Далма Галфи арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport