Путинцева Истбурндегі турнирді жеңіспен бастады

©olympic

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Истбурндегі (Ұлыбритания) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз шөп төсенішіндегі жарыста испаниялық Сара Соррибес-Тормомен кездесіп, екі партияның (7:5, 6:1) қорытындысы бойынша басым түсті. Кездесу бір сағат 33 минутқа жалғасты.

Осылайша, әлемнің 33-ракеткасы Путинцева 1/16 финалында әлемнің 40-нөмірлі теннисшісін ұтты.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport