Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде Қазақстанға бірінші жеңісті сыйлады

©Ktf.kz, Андрей Ударцев

Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде біздің құрамаға бірінші жеңісті сыйлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші ойында Путинцева Ұлыбритания елінің өкілі Кэти Бултермен кездесті. Әлемнің 51 және 124-ші теннисшілері арасындағы ойында отандасымыз 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Ойын екі сағат сегіз минут болды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы С тобында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұдан кейін Глазго қаласында өтіп жатқан ойында Қазақстан мен Ұлыбританияның бірінші нөмірлі теннисшілері Елена Рыбакина мен Харриет Дарт кездеседі. 

Бұл топта аталған екі құрамадан бөлек Испания да бар. Испанияға қарсы Қазақстан құрамасы ертең кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport