Путинцева "Australian Open" турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды
©Eurosport.ru
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путинцева Австралия ашық біріншілігінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің екінші айналымында отандасымыз латыш қызы Елена Остапенкомен кездескен. 1 сағат 12 минутқа жалғасқан ойында қазақстандық теннисші 3:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетейік, Мельбурн корттарында өтіп жатқан теннис турнирінің бірінші айналымында Путинцева испан қызы Лара Аррабаррена-Весинодан үстем түскен болатын.
Осылайша жекелей сында "Australian Open" додасында бірде-бір қазақстандық теннисші қалмады. Бұған дейін Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Михаил Кукушкин бірінші айналымда сүрінсе, Александр Бублик екінші айналымда жеңілген еді. Енді отандастарымыздың кейбірі сайыстың жұптық сынында өнер көрсетеді.

Жарнама