Путинцева АҚШ-тағы турнирде әлемнің экс-үшінші ракеткасын ұтты

©

Қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 47-орын) Чарлстондағы (АҚШ) WTA 500 теннис турнирін жеңістен бастады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы болған украиналық Элина Свитолинаны ұтты. Айта кетейік, украиналық теннисші қызды болуына байланысты ұзақ үзілістен кейін кортқа оралып отыр.

2 сағат 48 минутқа созылған матч 6:7 (3:7), 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Енді екінші айналымда Юлия ресейлік Екатерина Александровамен ойнайды (WTA рейтингінде 17-ші).

Чарлстондағы турнирдің жүлде қоры - 780 000 АҚШ доллары.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport