"Өзімді ешкіммен салыстырмаймын!". Рыбакина Уимблдон турнирі жайлы пікір білдірді

© ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің ширек финалына шыққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, биылғы жыл басы қазақстандық теннисші үшін онша сәтті бола қойған жоқ.

"Жыл басында мен өзіме сенімді болмадым, өйткені маусымға жақсы дайындала алмадым. Жарақат алып, аллергиядан, ковидтен зардап шектім. Әйтеуір бір мәселе туындады да тұрды. Қазір өте бақыттымын. Тағы бір айтатыным, мен өзімді ешкіммен салыстырмаймын. Тек өзімнің талантым бар екендігін білемін. Менің бойым ұзын және өте тез ойнаймын. Осы қаруымды жиі пайдалануға тырысамын", деді Рыбакина.

Еске салайық, турнирдің 1/8 финалында Рыбакина хорватиялық Петра Мартичті ұтты. Енді жарыстың ширек финалында ол аустралиялық Айла Томляновичпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport