Теннис
16 тамыз 16:39
 

Олимпиадаға бармаған Рыбакина АҚШ-тағы турнирде бірден ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Олимпиадаға бармаған Рыбакина АҚШ-тағы турнирде бірден ұтылды ©X(Twitter)/@ElenaRybakina2

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Американың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Американың Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рыбакина 1/16 финалдық кезеңде канадалық теннисші Лейла Фернандеспен шеберлік байқасып, үш сетте 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңілді. Екінші сетте Рыбакинаның матчты түйіндейтін мүмкіндігі болған, бірақ ол мұны пайдалана алмады. Ойын екі сағат 35 минутқа созылды.

25 жастағы қазақстандық спортшы матч кезінде 20 эйс жасап, 17 қос қате жіберді.

Айта кетейік, бұл - Елена Рыбакина үшін Уимблдон турнирінен кейінгі алғашқы ойыны. Ол Лондондағы Үлкен дулыға турнирінен кейін Олимпиадаға қатысуы керек еді, бірақ денсаулығына байланысты бас тартты. Артынша Торонтодағы турнирге де қатыспады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!