Олимпиада чемпионы "Уимблдон" турнирінің екінші айналымына шықты

©championat

Теннистен Лондон Олимпиадасының екі дүркін чемпионы Энди Маррей "Уимблдон" турнирінің алғашқы айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Британиялық теннисші бірінші айналымда аустралиялық Джеймс Даукортты ұтты. Есеп 4:6, 6:3, 6:2, 6:4.

Осылайша, "Уимблдон" жарысының екі дүркін (2013, 2016) жеңімпазы екінші айналымға жолдама алды.

Тұманды Альбиондағы Үлкен Дулыға турнирінің биылғы жүлде қоры 48 948 585 АҚШ доллары.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: