Олимпиада чемпионы Рыбакинаның артықшылығын айтты

©bbc

"Үлкен Дулыға" турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және Олимпиада чемпионы Тодд Вудбридж қазақстандық Елена Рыбакинаның "Уимблдондағы" жетістігіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жұптық сайыстың экс-жұлдызы "Үлкен Дулығаның" бұрынғы жеңімпазы Трэйси Остиннің мақтауына қосылды.

"Рақмет, Трэйси, ол допты ойынға таза қосады, соққылары жойқын және шөп төсеніші оң жамбасына келеді екен", - деп жазды Вудбридж.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport