Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Қазақстан астанасына келді

Джокович пен Надаль. © ҚТФ
Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль өз командаларымен Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына қонды, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атақты қонақтарды ҚТФ президенті Болат Өтемұратовтың өзі күтіп алды.

24 қазанда Гадаль мен Джокович арасында ойын өтеді. Кездесу 19:00-де басталады. Сондай-ақ, теннисшілер баспасөз конференциясы мен мастер-класс өткізеді.

"Мұндай жұлдыздардың келуі - ТМД үшін айтулы шара, сондай-ақ бұл біздің спортшыларды шабыттандыруға әсерін береді, ал теннис ойынына қызығатындар әдемі әрі тартысты ойынды тамашалай алады.

"Барыс-Аренада" қайырымдылық ойын өтеді.

Метки: