Теннис
16 ақпан 2018 15:47
 
Новак Джокович кортка қайта мамыр айында оралады

  Пікірлер

blog.share

Новак Джокович кортка қайта мамыр айында оралады ©:the-most-beautiful.ru

Себиялық теннисші Новак Джокович кортка қайта мамыр айында оралады. Бұл туралы әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасының әкесі Срджан Джокович айтты. 

"Новактың емделу барысында біраз нәрсе дұрыс жасалмады. Бірақ мұның бәрі әдейі емес. Енді ол қайта емделіп жатыр. Бұйырса мамыр айында "Мастерс" турниріне дейін бабына келеді", - дейді теннисшінің әкесі novosti.rs басылымына берген сұқбатында. 

"Үлкен дулыға" турнирінің 12 дүркін жеңімпазы, қазіргі әлемдік деңгейде 14-орында тұрған спортшы шынтақ жарақатына байланысты шілде айынан бері АТР санатындағы турнирлерге қатыспады.

Қаңтар айында Australian Open додасына қатысып, төртінші айналымға дейін жетті. Ал ақпан айында шынтағына қайта  ота жасатты.

Мамыр айында  Мадритте және Римде "Мастерс" санатындағы екі турнир өтеді.

Жарнама

Живи спортом!