Новак Джокович Астанаға келеді. Себебі белгілі

23 қыркүйек 2022 18:05
©marca.com

"Үлкен дулыға" турнирлерінің 21 дүркін чемпионы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың арнайы шақыруымен Астанадағы АТР 500 турниріне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазірдің өзінде Astana Open турниріне Карлос Алькарас (№1 АТР), Даниил Медведев (№4 АТР), Марин Чилич (№16 АТР), Станислас Вавринка (WC) және Энди Маррей (WC) сынды "Үлкен дулыға" жеңімпаздары келетіндерін растады.

Сонымен қатар, Стефанос Циципас (№6 АТР), Андрей Рублев (№9 АТР), Хуберт Хуркач (№10 АТР), Янник Синнер (№11 АТР), Феликс Оже-Альяссим(№13 АТР), Диего Шварцман (№17 АТР), Карен Хачанов (№18 АТР), Роберто Баутиста Агут (№21 АТР), Григор Димитров (№23 АТР), Гаэль Монфис (№32 АТР) сынды танымал теннисшілер елорда корттарында жүлделі орындарды сарапқа салады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: