"Үлкен дулыға" турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі сербиялық Новак Джокович Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирлерге қатыспайтынын хабарлады. Екпе алудан бас тартқан теннисші АҚШ жеріне кіруге виза ала алмай қалған.
"Мені Индиан-Уэллс пен Майамидегі турнирдің ұйымдастырушылары қатысушылардың қатарына қосқанымен, ол жарыстарға қатысуың екіталай екенін білдім. CDC (АҚШ-тың профилактикаға қарсы орталығы) ереженің өзгермейтінін айтты. Сол үшін мен АҚШ жерінде ойнай алмаймын. Бәсегеке қатысушыларға сәттілік тілеймін", - деп жазды Джокович твиттер парақшасында.
Еске салайық, Джокович екпе алмауына байланысты жыл басында Аустралияның ашық чемпионатына да қатыса алмай қалған болатын.