Недовесов әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кездеседі

©olympic

Александр Недовесов Португалияның Эштроил қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Пәкістандық Айсам Курешимен бірлесе ойнаған Недовесов босниялық-сербиялық жұп Томислав Бркич пен Никола Чачичті 6:2, 3:6, 10:4 есебімен ұтты. Тартысты ойын бір сағат 20 минутқа созылды.

Енді ширек финалда Недовесов пен Куреши жұптық бәсекеде әлемнің экс-бірінші ракеткасы британиялық Джей Маррей (ред. Энди Маррейдің ағасы) мен жаңа зеландиялық Майкл Винуспен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: