Надаль "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты

©championat

Әлемнің төртінші ракеткасы Рафаэль Надаль "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Испаниялық теннисші ширек финалда америкалық Тейлор Фритцпен кездесті. 4 сағат 20 минутқа созылған ойында Надаль 3:6, 7:5, 3:6, 7:5, 7:6 (10:4) есебімен жеңіске жетті.

Рафаэль бес эйс пен жеті брэйк жасаса, әлемнің 11-ракеткасы 19 эйс жасады. Сонымен қатар, сегіз брэйк-пойнтты еншісіне жазды.

Биылғы маусымда Надаль "Үлкен Дулыға" турнирлерінің ішінде Australian Open мен "Ролан Гаррос" турнирінде топ жарды. Ал спорттық карьерасында "Уимблдон" жарысының алтын табағын 2008, 2010 жылдары иеленген.

Енді испаниялық теннисші жартылай финалда аустралиялық Ник Кирьоспен кездеседі.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: