Надаль "Уимблдон" турнирінің финалына жақындады

©championat

Әлемнің экс бірінші ракеткасы, бүгінгі таңда төртінші орында тұрған Рафаэль Надаль "Уимблдон" турнирінің 1/8 финалында голландиялық Ботик ван де Зандсхулпты ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2 сағат 22 минутқа созылған ойында испаниялық теннисші 6:4, 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында Зандсхулп 11 эйс жасаса, Надаль 8 рет бір соққымен ұпай алды.

Жекелей жарыстарда 92 титулы бар құм төсенішінің королі енді 1/4 финалда америкалық Тейлор Фритцпен кортта кездеседі.

Рафаэль Надаль спорттық карьерасында "Үлкен дулыға" турнирін 22 рет жеңген. Оның ішінде Тұманды Альбиондағы дәстүрлі жарыста 2008, 2010 жылдары топ жарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: