Надаль Уимблдон ширек финалынан кейін күтпеген мәлімдеме жасады

©Reuters

"Уимблдон" жартылай финалына өткен Раыаэль Надаль ширек финал қаншалықты ауыр өткенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Надаль бұл кездесуде 1:2 (3:6, 7:5, 3:6, 7:5, 7:6) ұтылып тұрып, жеңісті жұлып кетті. Кейін ол ойын үстінде іш бұлшық етін созып алғанын айтты. 

"Маған кездесуді жалғастырудан бас тарту керектігін айтты. Алайда маған матчтың ортасында ойыннан бас тарту қиын болды. Егер бұл шешімді өзім қабылдасам да қиын болар еді. Өз карьерамда мен бір-екі мәрте осылай істегенмін. Сондықтан мен ойынды ары қарай жалғастыра беруге тырыстым. 

Шынымды айтсам, ойын кезіндегі медициналық үзілістен көп пайда жоқ. Дәрігер келді. Маған ауырғанды басыңқырайтын дәрі берді. Физиотерапевт бұлшық еттерімді босатуға тырысты. Бірақ бұл қиын нәрсе. Мен тек өзіме мүмкіндік бергім келді. Турнирмен қоштасу оңай емес. Тағы да тексерілістен өтемін. Әр-түрлі мамандардың пікірін білуім керек. Бұл Уимблдон турнирінің жеңуден де маңызды. Себебі бұл менің денсаулығым. Алда не боларын көреміз", - деп келтіреді Надальдің сөзін турнирдің ресми сайты. 

Айта кетейік, Надаль енді жартылай финалда аустралиялық Ник Кирьоспен кездеседі. Ал екінші жартылай финалдық жұпта Новак Джокович пен Кэмэрон Норри кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: