Надаль "Ролан Гаррос" финалында Джоковичті ойсырата жеңді

Сурет: AFP
Рафаэль Надаль "Ролан Гаррос" - 2020 финалында Новак Джоковичті жеңді және Франция ашық чемпионатында 13-ші триумфын тойлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Eurosport-қа сілтеме жасап.

Ойын 2 сағат 41 минут болды және 6:0, 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. Рафа 18 брейк-пойнттың 7-еуінде ұпай алды. Өзі бастаған геймде тек бір рет жеңілді. Новакта бір эйс болды. Тек ол мәжбүрсіз қателіктерді көп жіберіп қойды (52).



Надаль бірде-бір сет жеңілмей "Ролан Гарроста" төртінші рет жеңімпаз атанды. Енді испаниялық теннисші "Дулыға" жеңісі бойынша Роджер Федерермен теңесті - екеуінде де 20 жеңіс бар.



Ал Парижде Надаль Джоковичтен екі рет жеңіліп, 100 рет жеңді.
Метки: