Теннис
7 маусым 2021 12:20
 
"Мұндай теннисшіден қалай айырылып қалдық?". Ресейлік БАҚ Қазақстанның бірінші ракеткасы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Мұндай теннисшіден қалай айырылып қалдық?". Ресейлік БАҚ Қазақстанның бірінші ракеткасы жайлы Сурет: vseprosport.ru

Спорт туралы ресейлік "Матч ТВ" арнасының жүргізушісі Софья Тартакова Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның америкалық Серена Ульямсты ұтқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ролан Гаррос" турнирінің төртінші айналымында 1 сағат 20 минутқа созылған матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды. 1/4 финалда Рыбакина ресейлік Анастасиия Павлюченковаға қарсы ойнайды.

"Мұндай теннисшіден қалай ғана айырылдық?! 2018 жылы-ақ Лена үздіктер қатарына кіретіні белгілі еді ғой. Ленаның әкесі Андрей (НТВ плюс арнасының бұрынғы продюсері) Ресейдің теннис федерациясынан қызына көмектесуін сұраған. Бұл немен біткені бәріне белгілі - Рыбакина Қазақстан атынан ойнайды. Ал біз НТЦ-тегі корттарды әлі жөндеп жатырмыз", - деп жазыпты ол "Твиттерде".

Жарнама

Живи спортом!