Михаил Кукушкин "Уимблдон" турнирінен шығып қалды

©ESPN

Михаил Кукушкин "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымынан ары аса алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еліміздің екінші ракеткасы жарыстың бірінші кезеңінде америкалық Дженсон Бруксбимен кездесті. Нәтижесінде 1 сағат 51 минутқа созылған матчта Бруксби 6:3, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Қос теннисшінің халықаралық бәсекеде алғаш рет жолдары түйіскенін айта кеткен жөн.

2008 жылдан бері Қазақстанның намысын қорғайтын Михаил Кукушкин осымен "Уимблдон" турниріне оныншы рет қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, Кукушкин Тұманды Альбиондағы соңғы бес жарыстың төртеуінде екінші айналымға шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: