Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

©ҚТФ

Әлемнің 223-ракеткасы қазақстандық Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 264-ракеткасы, бельгиялық Микаэль Гритцпен күш сынасты. Кукушкин 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 4 брейкке қол жеткізді.

Михаил жартылай финалға шығу үшін әлемнің 122-ші, осы жарыстың 5-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен кездеседі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: