Қазақстандық Михаил Кукушкин Хельсинкидегі челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚТФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлемнің 239-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 298-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскиймен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте есеп 4:2 болған кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты
Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 140-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 153 сатыдағы ұлыбританиялық Райан Пенистонның біреуімен кездеседі.