Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің бірінші айналымында әлемнің үшінші ракеткасымен кездеседі

Михаил Кукушкин. Сурет: Тұрар Қазанғапов.
Қазақстандық теннисшілік Australian Open турниріндегі қарсыластарын білді,- деп жазады Vesti.kz порталы.

Турнирдің бірінші айналымында ең қиын қарсылас Михаил Кукушкинге бұйырды. Ол әлемнің үшінші ракеткасы австриялық Доминик Тиммен кездеседі. 

Ал Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик болса словениялық Аляж Беденеге қарсы ойнайды. 

Қыздар арасында Қазақстан намысын қорғайтын Юлия Путинцеваның да қарсыласы осал емес. Ол америкалық Слоан Стивенске қарсы матч өткізеді. Зарина Диас болса словениялық Тамара Зиданшекпен кездеседі. 

Ярослава Шведова италиялық Камила Джорджиямен ойнаса, Елена Рыбакина ресейлік Вера Звонаревамен ойнайды. 

Айта кетейік, турнир дүйсенбі, 8-ақпан күні басталып, 21-ақпан күні мәресіне жетеді. 




Метки: