Мексикадағы турнирде Рыбакина әлемнің экс бірінші ракеткасын ұтты

©instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан WTA турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей сынның бірінші айналымында ол әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Каролина Плишкованы ұтты. Чехиялық теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 20-орында. Рыбакина 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті. 

20 қазандағы келесі айналымда Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport