Майк Тайсон Амеркиада қазақстандық теннисшімен кезікті

©vanguardngr.com

АҚШ-та теннистен US Open турниріне қатысып жатқан қазақстандық Юлия Путинцева атақты боксшы Майк Тайсонмен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Юлия Путинцева мен темір Майк", - деп жазылған Қазақстан теннис федерациясының Instagram желісінде.

Айта кетейік, ашық чемпионаттың жекелей сындағы бірінші айналымында Путинцева "Үлкен дулығаның" жартылай финалына шыққан (2019 жылғы Францияның ашық чемпионаты) америкалық Аманда Анисимованы ұтты (6:3, 6:3).

Бүгін, қыркүйекте Путинцева германиялық Юли Нимайермен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport