Қырғызстандық теннисші 16 жылға жарыстардан шеттетілді

©Sport.kg

Қырғызстан намысын қорғайтын теннисші Ксения Палкина 16 жылға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы "Р-Спорт" хабарлады. 

Оның алты жылын Палкина шартты түрде өтейді. Сонымен қатар ол 100 мың доллар айыппұл төлейді. Мұндай шешім теннисшінің келісілген ойындарға қатысы бар екені дәлелденгеннен кейін шығарылды. 

Палкинаның өзі 2018 және 2019 жылдары осындай ойындарға қатысқанын мойындаған. 

Аталған шешімді осыған дейін ресейлік спортшылардың допингке қарсы дауын тексерген сот Ричард Макларен шығарған. 

Желтоқсан айында 32 жасқа толған Палкина енді 2029 жылдың қараша айына дейін кез-келген теннис турниріне қатысуға тыйым салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: