Теннис
1 шілде 2025 08:28

Құрманғалиев жастар арасындағы АЧ-нің ширек финалына өтті

©ҚР ҰОК

Қазіргі уақытта Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалда жеңіске жетті.

Бұл кезеңде отандасымыз Оңтүстік Кореядан барған Ли Чонмокты айқын басымдықпен жеңді. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Алан Тайбэй өкілі Хун Цзинь-Каймен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport