Теннис
Бүгін 17:57
 

Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

blog.share

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Төртінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.

Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.

Енді олар финалға өту үшін бірінші нөмірмен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!