Теннис
Бүгін 16:38

Құламбаева Нидерландтағы турнирдің 1/4 финалы үшін германиялық теннисшімен ойнайды

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Гаага қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің 1/8 финалына өтті.

Алғашқы ойналымда отандасымыз жарыстың бірінші ракеткасы Нурия Бранкаччоны жеңді. Ойын 6:2, 1:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Осылайша Жібек Құламбаева ширек финал жолдамасы үшін германиялық Йоэль Штойрмен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport