Теннис
Бүгін 12:29
 

Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Құламбаева Колумбиядағы турнирдің жартылай финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

blog.share

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.

Кездесу екі сетке созылып, Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Енді финал жолдамасы үшін олар америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерспен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!