Теннис
Бүгін 18:20
 

Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына өтті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

blog.share

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде.

Қазақстандық-словениялық жұп ширек финалда түркиялық Ипек Оз бен грекиялық Деспина Папамихаилды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, олар турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен турнирде топ жарған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!