Кукушкин US Open турнирінің іріктеуін сәтті бастады. Попко жеңіліп қалды

©Sky Sports

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ Ашық біріншілігі (US Open) турнирі іріктеу кезеңінің бірінші кезеңінен сәтті өтті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Іріктеудің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 129-орында тұрған Кукушкин 193-орында тұрған франциялық Матиас Буктан 4:6, 6:3, 7:6 есебімен басым түсті. 

Енді US Open турнирінің финалына шығу үшін отандасымыз 168-орында тұрған америкалық Джейсон Джангмпен кездеседі. 

Ал қазақстандық тағы бір теннисші Дмитрий Попко іріктеудің бірінші айналымында словакиялық Блаж Роладан (2:6, 5:7) жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: