Кукушкин мен Дияс АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымынан аса алмады

Сурет: Андрей Ударцев©
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс АҚШ-тың 
Цинциннати қаласында өтіп жатқан турнирге қатысып, бірінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кукушкин Норри Кэмеронмен кездесіп, 0:2 (6:7, 2:6) есебімен жеңіліп қалды. Кездесу бір сағат 28 минутқа жалғасты. 22 тамыз күні өтетін келесі айналымды Кэмерон польшалық Камил Майчрзакаға қарсы ойнайды. Ол өз кезегінде португлаиялық Жуан Соузадан айласын асырды. Есеп - 6:3, 6:3. 

Зарина Дияс болса амеиркалық Энн Ли деген теннисшіден 0:2 (1:6, 3:6) есебімен ұтылды. Матч бір саған екі минутқа созылды. Лидің келесі қарсыласы Виктория Кузьмова болады. Словакиялық теннисші Гретье Минненді бірінші айналымда жеңді. 




Метки: