"Қолдауын сезіндік". Алан Құрманғалиевтің бапкері Тунистегі турнир жайлы

14 желтоқсан 2022 14:38
©olympic

Елордалық әуежайда үстел теннисінен әлем чемпионы (2022 ITTF World Youth Championships) Алан Құрманғалиев пен Қазақстан ұлттық командасының бас бапкері Эльмира Әлиеваны салтанатты жағдайда қарсы алды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

"Тунистегі чемпионатта біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік және жерлестерімізді ұятқа қалдырмауға тырыстық. Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазинге үлкен рахмет. Бізде әлем чемпионатына дайындалу және табысты өнер көрсету үшін тамаша жағдайлар жасалынған", - деді Әлиева.

Естеріңізге сала кетейік, Алан Құрманғалиевтің әлем чемпионатының қорытындысы бойынша аралас разрядтағы алтын медаль және жеке есепте қола медалі бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: