Қазақтың 13 жастағы балақайы Еуропада екінші турнирді жеңіп алды

©ҚТФ

13 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының екінші категориядағы турнирінде жеңіске жетті. Жарыс Банска-Бистрицада өтті, деп хабарлайды Vesti.kz

Финалда Нұрланұлы Зиго Шешконы (үшінші нөмір) 3:6, 6:2, 7:6 (1) есебімен жеңді.

"Әрине, жеңісімді тойлаймын. Бірақ демалуға уақыт жоқ - жұмысты жалғастыру керек. Біраз демалып, содан кейін Португалиядағы турнирде ойнауға ниетім бар. Содан кейін құрама сапында Үндістанға барамын, онда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу матчтары өтеді. Ұлттық команда үшін ойнау - өте жауапты іс. Құрама сапындағы дебют өмір бойы есте қалатын сәттердің бірі болады", - деді Заңғар Нұрланұлы.
 
Бұған дейін Заңғар Нұрланұлы Tennis Europe чемпиондық тартыста бесінші қатар көшбасында келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: