Қазақстанның үздік теннисшісі әлемдік рейтингте жоғарлады

©РИА Новости

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей сындағы ойыншылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик бірден бес сатыға көтеріліп, 37-орынға жайғасты.

 Ал Михаил Кукушкин өз позициясын бес сатыға жоғарылатып 161-орынды иеленсе, Дмитрий Попко керісінше, 11 позициядан айырылып, 195-орынға түсті. Тимофей Скатов 231-орында (минус 24 позиция).

Үздік 10-дық та өзгерді. Серб Новак Джокович басымдығын жоғалтып, үшінші сатыға, ресейлік Даниил Медведев бірінші, неміс теннисшісі Александр Зверев үшінші сатыдан екінші сатыға көтерілді. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орынды сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: