Қазақстанның теннис көшбасшыларының бірі АҚШ-тағы турнирін жеңіспен бастады

©ҚТФ

Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚТФ-ге сілтеме жасай отырып. 

Кукушкин бірінші кездесуін дүниежүзілік рейтингте 235-сатыда тұрған аргентиналық Николас Кикермен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Михаил екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте тағы бір брейкпен алға кетті. Алайда Кикер таразы басын теңестірді – 4:4. Тай-брейкте Николас сәтті ойнай білді – 7:6 (7:4).Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 4:0. Бұдан кейін Кикер матчты жалғастырудан бас тартты.

Михаил іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 124-ракеткасы, испаниялық, биыл 39-ға толатын Фернандо Вердаскомен кортқа шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: