Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жұптық сынның бірінші айналымында ұтылып, Торонтодағы (Канада) турнирден шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бублик франциялық Адриан Маннариномен бірге франциялық-германиялық жұп Фабрис Мартен - Андреас Мьеске екі сетте есе жіберді - 3:6, 4:6.
Енді Мартен мен Мьес келесі матчтерін испаниялық Марсель Гранольерс және аргентиналық Орасио Себальосқа қарсы өткізеді.
Еске салайық, Бублик жекелей сынның бірінші айналымында польшалық Хуберт Гуркачтан ұтылған еді.