Қазақстанның ең мықты теннисшісі Флоренциядағы турнирдің ширек финалына жетті

©ҚТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Флоренцияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші айналымда Бублик франциялық Корентен Мутемен ойнады. Бір сағат 25 минутқа созылған матч 7:5, 6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Ширек финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы (ATP рейтінгінде 43-орын) америкалық Джефри-Джон Вульфпен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport