Қазақстанның ең мықты теннисшісі Australian Open турнирінде рекорд орнатты

©instagram.com/lenarybakina

Australian Open-2023 турнирінде әйелдер арасындағы жеке сынның үшінші раунд кездесуінде Елена Рыбакина рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 20 қаңтарда Қазақстанның бірінші ракеткасы америкалық Дэниел Коллинзбен кездесіп, жеңіске жетті.

Төртінші раундқа өту Рыбакина үшін жеке жетістік болды. Ол бұрын ешқашан Australian Open чемпионатының төртінші кезеңіне дейін жеткен емес. Қазақстандық қыздың бұл турнирдегі ең үздік жетістігі 2020 жылда үшінші кезеңге өтуі еді.

Еске салайық, WTA әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентек болуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport