Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Гуанчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Guangzhou Open турниріндегі ойынын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың бірінші кезеңінде WTA рейтингінде 81-орында тұрған Путинцева қытайлық Ю Сяодимен (213-орын) ойнады.
Путинцева 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші келесі кезеңде даниялық спортшы Клара Таусонмен (№76) ойнайды.