Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Еліміздің екінші ракеткасы бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Кукушкин екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Михаил ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Гойо әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып келесі айналымға шықты.