Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербургте өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бірінші айналымда әлемнің 12-ші ракеткасы саналатын жерлесіміз ресейлік Варвара Грачевадан басым түсті. Әлемнің 81 нөмірлі ойыншысы саналатын Грачева екі партияда небәрі үш геймде жеңіске жете алды. Қорытынды есеп 6:2, 6:1.