Қазақстанның бірінші ракеткасы US Open турнирінің екінші айналымынан аса алмады

©Reuters

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың ашық чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлемдік рейтингте 47-орында тұрған Бублик екінші айналымда испаниялық Пабло Каррено-Бустқа 6:4, 4:6, 6:6, 6:7 есебімен ұтылды.

Матч барысында қазақстандық спортшы 12 рет қос қателік жіберді. Тартысты ойын үш сағат бір минутқа созылды.

Енді Александр Бублик US Open турнирінің жұптық сайысында бағын сынап көреді. Отандасымыз норвегиялық Холгер Витуспен бірінші айналымда америкалық дуэт Денис Кудла мен Фрэнсис Тиафоға қарсы сынға түседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport