28 жастағы қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінің аралас сынының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. Турнир АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр.
1/2 финалда ол финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге Ена Шибахара (Жапония)/Мате Павич (Хорватия) жұбын 7:6 (7:2), 6:4 есебімен ұтты.
Финалда қазақстандық тенисші мен оның серіктесі америкалық Джессика Пегула және Остин Крайчекпен ойнайды. Бұл матч 9 қыркүйекте өтеді.
Еске салайық, Данилина жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы есептеледі. Ал жұптық сындағы WTA рейтингінде ол 29-орында тұр.