Қазақстанның бірінші ракеткасы "Уимблдон" турнирін жеңіспен бастады

©gotennis

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Уимблдон" турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жарыстағы алғашқы матчта отандасымыз венгриялық Мартон Фучовичті 6:1, 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу бір сағат 21 минутқа жалғасты. Енді келесі турда Бублик сербиялық Душан Лайовичпен кездеседі.

Еске салайық, Александр Бублик әлемдік рейтингте 38-орында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport