Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Уимблдон" турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жарыстағы алғашқы матчта отандасымыз венгриялық Мартон Фучовичті 6:1, 6:2, 6:4 есебімен ұтты.
Кездесу бір сағат 21 минутқа жалғасты. Енді келесі турда Бублик сербиялық Душан Лайовичпен кездеседі.
Еске салайық, Александр Бублик әлемдік рейтингте 38-орында.