Қазақстанның бірінші ракеткасы Штутгарттағы турнирде жарақат алып қалды

©puntodebreak.com

Қазақастанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың екінші айналымында Елена бразилиялық Беатрис Хаддад-Маяға қарсы ойнады. Бірінші сетті қазақстандық теннисші 1:6 есебімен ұтылды. Ал екінші сет 1:3 болып тұрғанда Елена ойынды тоқтатты.

Рыбакина жамбас жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport