Қазақстанның бірінші ракеткасы ресейліктен ұтылды. Australian Open-де бірде-бір қазақстандық қалмады

©olympic.kz

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне өте алмады. Жарыстың екінші айналымында Қазақстанның бірініш ракеткасы ресейлік Анна Блинковадан ұтылды.

Аса тартысқа толы өткен ойын үш сетке созылды. Бірінші сетте 6:4 есебімен Анна алда болды. Екінші сетте дәл осындай есеп айырмасымен Елена жеңіске жетті. 

Үшінші сетте теннисшілердің жүйкесі сыр берді. Кезек-кезек брейк жасап, барын салды. Ойын соңындағы тай-брейктің өзі жарты сағаттан асық уақытқа созылып, 22:20 есебімен ресейлік теннисші жеңіске жетті.

Ойын 2 сағат 46 минутқа созылды. Осылайша биылғы Аустралия ашық чемпионатының жекелей сынында қазақстандық теннисшілер жарысты ерте аяқтады.

Айта кетейік, кеше Анна Данилина ұтылғанна кейін Елена Рыбакина осы жарыста қалған соңғы қазақстандық теннисші болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport