Қазақстанның бірініш ракеткасы Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті

©Miami Open

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады. Матч 1 сағат 9 минутқа созылды. 

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенсті жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport